Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай ауданы мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 39-6 шешімі. Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 мамырда N 2-11-89 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 06 қыркүйектегі N 10-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы мәслихатының 2012.09.06 N 10-4 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, еңбек және жұмыспен қамту, ғылым, білім, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      39–шы сессиясының төрағасы Е.              Шуқанов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               М. Ахметов

Қарасай аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 16 сәуірдегі
"Аз қамтамасыз етілген
отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
тәртібі және мөлшері туралы"
№ 39-6 шешіміне қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
тәртібі және мөлшері

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері (әрі қарай - тәртібі) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленген.
      Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасылары (адамдар) оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық, кенттік аумақтарда құрылған учаскелік комиссияларға төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) отбасының құрамын, тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген тұрғын үй құжатының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сату – сатып алу, жалға беру келісім шарты және т.б. жылына бір рет);
      3) тұрғын үйді күтіп ұстаумен коммуналдық қызметті тұтыну шығындары бойынша төленген және алынған көмірдің мөлшері және бағасы көрсетілген түбіртек көшірмелері;
      4) Әділет басқармасынан жеке меншігіндегі бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет;
      5) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы (өткен тоқсандағы) отбасының жиынтық табысы туралы мәлімет. Табыстың түрлерін құжатпен растауға жататындар: еңбекпен тапқан табыс, зейнетақы, жәрдемақы және алименттер. Алимент төлеуші:
      жұмыс істемесе және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса (анықтама өткізсе);
      бас бостандығынан айырылған жерде немесе уақытша оқшаулап ұстауда болса (анықтама өткізсе);
      туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) есепте тұрса немесе емдеуде, еңбекпен емдеу профилакторияларында болса (егер анықтама өткізсе);
      Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекетке тұрғылықты жерге қоныс аударған жағдайда алиментті есепке алмай отбасының жиынтық табысы есептелінеді.
      6) Белгілі санаттағы тұлғалар үшін, қосымша құжаттарды дайындау керек: жұмыссыз – жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама, мүгедек- медициналық- сараптау комиссиясынан анықтама, жалғыз басты ана - № 4 үлгідегі анықтама (Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімі берген).
      7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      8) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      10) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

1. Жалпы ережелер

      1. Қолданылатын негізгі анықтамалар:
      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      Отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      Кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      Уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Уәкілетті орган өтініш берушілерден және әкімдерден қоса тіркелген құжаттарымен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      2. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады, осы мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (адамдарға) беріледі.
      Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      Тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      Байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілді органдар айқындайды.
      Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалып жергілікті бюджеттен төленеді.
      Белгіленген нормадан тыс тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар отбасылар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын алмайды.
      Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңның 8-бабының 1,2 тармақтарына сәйкес тұрғын үй көмегін алу туралы өтініштер келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтініш иесі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды тапсырған тоқсанда басталады.
      5. Тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар тұрмысы төмен отбасыларына (адамдарға) тұрғын үй көмегі жалпы негізде беріледі. Тұрғын үй көмегін алғанға дейін болған берешектің өтемін коммуналдық қызмет көрсетушілер бақылауға алады және ағымдағы айларға тұрғын үй көмегін есептеу кезінде ескерілмейді.
      6. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу әр үш ай сайын отбасының жиынтық табысы туралы анықтамаларды және тұрғын үй коммуналдық қызметтер үшін төленген түбіртектерді тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
      7. Түбіртектерде өткен айдың шығындары көрсетіледі. Күтімге мұқтаж деп танылған I және II топтағы мүгедектерге, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе жұмыс істемейтін, жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, мемлекеттік бәсірелік әлеуметтік көмек алатындар ішінен өз бетімен жұмыс жасайтын адамдарды есептемегенде, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      8. Отбасының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет шығындарының белгіленген шекті үлесі, отбасының кірісі және тұрғын үйлерді ұстау қызметі төлемдерінің (тарифтерінің) мөлшері өзгергенде, бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегі қайта есептелінеді.
      9. Тұрғын үй көмегін алушы тұрмысы төмен отбасылар (адамдар) үй меншігі түрінің, отбасы құрамының, оның мәртебесінің және жиынтық кірісінің кез-келген өзгерістері туралы “Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесіне он күн ішінде хабарлауға тиісті.
      10. Тұрғын үй көмегін алушылардың біле тұра жалған құжаттар алынуының салдарынан көмектің заңсыз тағайындалуына және төленуіне, мөлшерінің дұрыс есептелмеуіне жол берілген жағдайда көмек алушылар артық алған сомаларды бір жыл аралығында ерікті түрде қайтаруы тиіс, қайтарудан бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      11. Өтініш беруші мен алушы уәкілетті органның және оның қызметкерлерінің іс- әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай – ақ сот тәртібімен шағымданады.
      12. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тиісті Заңдарына сәйкес тұрғын үй көмектің тағайындалуы мен оны төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығы үшін жауапты болады.
      13. Жеке үйде тұратын өздері от жағатын табасы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі үй иелеріне, сенімхаты бар жалдаушыға беріледі.
      14. Жеке үйде тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындағанда құжат тапсырған отбасының өткен тоқсандағы орташа кірісі есептелінеді. Отбасының алдыңғы тоқсанының орташа кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. Жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге ең төменгі деңгейі қолданбайды.
      15. Электр энергиясына, газбен, сумен қамтамасыз етуге, күл-қоқысты шығаруға және алынған көмірдің мөлшері және бағасы көрсетілген түбіртекте құжаттарды тапсырған тоқсанның алдыңғы өткен айларының ең жоғары мөлшері шығындары көрсетіледі.
      16. Жеке қосалқы шаруашылықтан – үй малын, құс өсіруден, бау бақша көкөністер өсіруден түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкілетті орган мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға қолданылып жүрген нормативтік карточкалар негізінде есептелінеді.
      17. Отбасы құрамына қолданыста жүрген заңға сәйкес тұрғылықты жері бойынша әділет басқармасы органдарында тіркелген адамдар кіреді. Жиынтық табыс отбасының барлық мүшелерінің және осы мекенжайда тіркелген басқа адамдардың өткен тоқсандағы кірісін қосу арқылы есептелінеді.
      18. Бір тоқсанда бір жолғы табысы болса, жиынтық табысты есептегенде барлық табысты ай санына бөліп, шыққан табыс мөлшері үш айға көбейтіледі. Егер отбасының бір мүшесі тоқсанда толық жұмыс істемесе, онда отбасының жиынтық табысын анықтауда оның табысы осы тоқсанда жұмыс істеген уақытына есептелінеді.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      1. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін нақты төленген сомадан аспауы тиіс.
      2. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ретінде беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
      отбасында 2 адамы барлар үшін - 42 шаршы метр;
      отбасы 3 және одан көп адамнан тұратындар үшін - әрқайсысына 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек;
      2) табиғи газ тағам дайындау үшін 1 адамға жұмсалатын – 12,5 м3;
      3) табиғи газ 1 шаршы метрге жылуы үшін жұмсалатын - 8,5 м3;
      4) газ тұтыну – жеке үйде тұратын отбасылары үшін 1 айға 1 кішкене баллон;
      5) электр энергиясын қолдану:
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға – 90 киловатт;
      3 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      6) от жағу маусымына – 4 тонна көмірді жыл бойына беру есептелінеді.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады