Қарағайлы ауылына қарасты Алтын Заң көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Қарағайлы ауылдық округінің әкімдігінің 2010 жылғы 2 наурыздағы N 3-7 шешімі. Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 сәуірде N 2-11-85 тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 03-32/467 келісімін негізге ала отырып, Қарағайлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Келісіп түскен құжаттардың негізінде Қарағайлы ауылына қарасты Алтын Заң көшесінің атауы Қали Надыров көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Құлұмбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Әкім                          Ж.Тажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады