Айтуби ауылдық округінің "Жасталап" ауылына жеке аулаларында қой, ешкі малдарының ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілуі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 74 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 28 сәуірде N 2-12-147 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы N 281 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы N 281 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына, 1-бабының 44-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2010 жылғы 29 наурыздағы N 3, 4 сараптамалары, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 2 сәуіріндегі N 272 хабарламасы және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2010 жылдың 5 сәуіріндегі хаттамасы негіздерінде Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Айту би ауылдық округінің "Жасталап" ауылына жеке аулаларында қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай жою мақсатында, шектеу іс-шаралары енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады