Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы N 283 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына, 1-бабының 44 тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2010 жылдың 2 маусымдағы N 262, осы жылғы 7 маусымдағы N 274 сараптамалары, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2010 жылдың 7 маусымдағы N 535 хабарламасы және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2010 жылдың 8 маусымдағы хаттамасы негіздерінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бастөбе ауылдық округінің "Жылыбұлақ" ауылына жеке аулаларында қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу іс – шаралары енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім: Қ. Медеуов