Қаңбақты ауылдық округінің "Алмалы" ауылына қой, ешкі малдарының ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілуі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 маусымдағы N 159 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 08 шілдеде N 2-12-153 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 қарашадағы N 303 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010.11.05 N 303 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына, 1-бабының 44-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2010 жылдың 16 маусымдағы N 372, осы жылғы 17 маусымдағы N 373 сараптамалар, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2010 жылдың 29 маусымдағы N 645 хабарламасы және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2010 жылғы 29 маусымдағы хаттамасы негіздерінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаңбақты ауылдық округінің "Алмалы" ауылына қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу іс – шаралары енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады