Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы N 289 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына, 1-бабының 44 тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2010 жылғы 2 шілдедегі N 467 сараптамасы, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2010 жылғы 7 шілдедегі N 689 хабарламасы және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2010 жылғы 7 шілдедегі хаттамасы негіздерінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарашеңгел ауылдық округінің "Қарашеңгел" ауылына қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу іс – шаралары енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім: Қ. Медеуов