Үштөбе қаласының "Көкдала" ықшам ауданында жаңа көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 03 желтоқсандағы N 41-199 шешімі және Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 03 желтоқсандағы N 316 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 30 желтоқсанда N 2-12-165 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1)-тармақшасына сәйкес, Үштөбе қаласының тұрғындарының пікірін ескере отырып, аудан әкімінің 2010 жылғы 01 қарашадағы N 2-10-777 хатының және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңесінің келісімі негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үштөбе қаласының "Көкдала" ықшам ауданында жаңа көшелерге келесідей ат қойылсын:
      бірінші көшеге - Көкдала;
      екінші көшеге - Балқаш;
      үшінші көшеге - Жетісу;
      төртінші көшеге - Алатау;
      бесінші көшеге - Кеңдала;
      алтыншы көшеге - Жаңалық.
      2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын Үштөбе қаласы әкімі (Амандос Сайлаубайұлы Хабаров) жүзеге асырсын.
      3. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары (Айбек Сапарбекұлы Қонақбаевқа) және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (Рысхан Аманжолұлы Тәпеновке) жүктелсін.
      4. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы:                           С.Дәркенбаева

      Мәслихат хатшысы:                          М. Рақымбаев

      Аудан әкімі:                               Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады