РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес ауыл халқының пікірін ескере отырып Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Елтай ауылдық округінің Қаражиде ауылындағы Ленин атындағы көшесі Дінмұхамед Қонаев атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім А. Баясылова