Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2012.02.22 N 33 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4) тармақшасына және 18-1-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті болып саналсын.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Диханбаева):
1) халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жүзеге асырылсын;
2) 2010 жылға арналған ауданның бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемі өтелсін;
3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері ең төменгі еңбек жалақысы көлемінде екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
4. Аудандық қаржы бөліміне әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.
5. Кербұлақ аудандық әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 12 ақпанында N 2-13-90 болып тіркелген, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтар "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 14-ші қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Момбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Жантілеуов
Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 27 қаңтардағы
"Әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыру
туралы" N 12 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
Тәртібі
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес жасалады.
1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құралады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді тіркеу келесі өлшемдер бойынша ерекшеленеді:
1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әдейі арналады;
2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша сипатта болады және ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды;
3) жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күнімен және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.