Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жайнақ батыр ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 02 тамыздағы N 9 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 06 қыркүйекте N 2-13-117 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық ветеринария бөлімінің 2010 жылғы 15 маусымдағы ұсынысын негізге алып Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімшілігінің бас маман-ветеринарлық инспекторы Джолдыбаев Айдар Әленұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Жайнақ батыр ауылдық
      округінің әкімі                            О. Байтоғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады