РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Кербұлақ аудандық ономастика кеңесінің келісімін және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Қоғалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шаған ауылы Октябрьская көшесінің атауы Дінмұхамед Қонаев атындағы көшесі атауына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Қоғалы ауылдық округінің бас маман – іс жүргізушісі Юсупова Зоя Александровнаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қоғалы ауылдық
округінің әкімі С.С. Исабаев