Әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 наурыздағы N 70 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 04 наурызда N 2-14-89 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 09 сәуірдегі N 153 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2012.04.09 N 153 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 1-1)-тармақшасына14)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Көксу ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы көлемінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмектердің келесі түрлері бойынша қаржыландыруды жүргізсін:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алуына;
      2) жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге;
      3) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету;
      2. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмектерді тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін;
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алуына әлеуметтік көмекті 1 қосымшаға сәйкес;
      2) жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті 2 қосымшаға сәйкес;
      3) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті 3 қосымшаға сәйкес.
      3. Көксу ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы "Әлеуметтік көмек туралы" N 59 қаулысының (Көксу ауданының Әділет басқармасында 2007 жылдың 12 наурызында N 2-14-41 болып мемлекеттік тізілімде тіркелген, 2007 жылы 22 наурыздағы N 13 (4323) "Көксу таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Өсербаев

Көксу ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 4 наурыздағы
N 70 "Әлеуметтік көмек
туралы" қаулысына
1 қосымша

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз
етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алуға
берілетін әлеуметтік көмек туралы

      Бір жолғы әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылыққа мал сатып алу үшін 70000 теңгеден 100000 теңге мөлшерінде тағайындалады және төленеді.
      1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету және көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның (бұдан әрі комиссия) отырысында қабылданады.
      2. Әлеуметтік көмекті алу үшін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы тұрғылықты жеріндегі учаскелік комиссияға барып өтініш береді. Өтініште алатын малдың немесе құстың түрлері аталып, нақты бағасы көрсетіледі.
      3. Әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдармен Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, әлеуметтік көмек алушы және учаскелік комиссия төрағасы ретінде кент, ауыл әкімімен үш жақты шартқа отырады. Шартқа отыру мәселесі бірінші тараптан - әлеуметтік көмекті аудару туралы, екінші тараптан – мал (немесе құс) сатып алу, үшіншіден – алған міндеттерді орындалуын бақылау туралы міндеттемелердің қабылдануын қамтиды.
      4. Алатын малдың түрін анықтаған соң өтініш беруші округтегі учаскелік комиссияға хабарлайды, комиссия келген ақпараттың сенімділігін тексеруді ұйымдастырады.
      5. Берілген ақпарат расталса, учаскелік комиссия отырысында комиссия төрағасы алушыға мал алуға әлеуметтік төлем беру туралы қорытынды шығарады.
      6. Учаскелік комиссия шешім қабылдағаннан кейін округ әкімі ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әлеуметтік көмек алуға талап ететін азаматтар санын және бұл мақсатқа қажетті сома көрсетілген тапсырысты, әр алушы бойынша барлық тиісті құжаттарды, қосымшаларды (өтініш, шарт) ұсынады.
      7. Әлеуметтік көмек алушылардың шартпен қабылданған міндеттерін тиісті орындауды бақылау округтер әкімдерінің басшылығымен учаскелік комиссия жүргізеді.

Көксу ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 4 наурыздағы
N 70 "Әлеуметтік көмек
туралы" қаулысына
2 қосымша

Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

      Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті тиісті жағдайлар орын алған кезде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша, отбасының табысына қарамастан, егер қайтыс болған адам, өлген күнге кез-келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынастарда тұрған болса, ал жұмыссыздар ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркеуде тұрған болса, төмендегі құжаттарды тапсырған жағдайда тағайындалады және төленеді:
      1) отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші:
      2) жеке басының куәлігі, салық төлем нөмірі;
      3) сақтандыру кассасына ұсынылатын азаматтардың хал актілерін жазу қызметі беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы);
      4) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы немесе жұмыс істеген жерінен анықтама немесе келісім-шарт);
      5) жұмыссыз статусын растайтын анықтама.
      Өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толық және дұрыс болуына арыз иесі заңға сәйкес жауапкершілікте болады. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Әлеуметтік көмек азаматтың қайтыс болған кезеңдегі айлық есептік көрсеткіштің 10-еселенген мөлшерінде тағайындалып, тиісті жағдай болған күннен бастап 3 ай мерзім ішінде берілген жағдайда төленеді.

Көксу ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 4 наурыздағы
N 70 "Әлеуметтік көмек
туралы" қаулысына
3 қосымша

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына
әлеуметтік көмек көрсету туралы

      Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 8-еселенген мөлшерінде тоқсанына әр мүгедек балаға, туылған, асырап алынған, сонымен қатар қамқорлыққа алынған мүгедек балалар 18 жасқа толғанға дейін тағайындалады және төленеді (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалар мен ата-ана құқығынан айырылғандар отбасындағы мүгедек балаларға қатыстылардан басқа). Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы берген анықтамада мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі көрсетілгендей, ата-анасының біреуіне немесе олардың орнындағы адамға отбасының кірісіне қарамастан тағайындалады және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда көрсетілген мерзім бойынша тоқсан сайын төленеді:
      1) әлеуметтік көмек ата-анасының өтініші бойынша олардың біреуіне немесе олардың орнындағы адамға тағайындалады;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты, сонымен қатар оралмандарға қоныстану ықтиярхаты немесе оралманның куәлігі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      4) дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясында куәландырылғаны туралы актінің көшірмесі (мерзіміне қарай өзгерістер болған жағдайда);
      5) облыстық психологиялық-медициналық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы (мерзіміне қарай өзгерістер болған жағдайда);
      6) отбасының құрамын растайтын құжат – тоқсан сайын (тоқсан сайын өткізбеген жағдайда, өткен тоқсанға төленбейді).
      7) Оқу орнының үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасы – тоқсан сайын;
      Үйде тәрбиелеуге және оқытуға жәрдемақы оны алу құқығы туындаған сәттен бастап ұсынылады, бірақта ПМПК-ның қорытындысында бекітілген мерзімде көрсетілген айдан бастап үш айдан аспауы тиіс. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді. Үйде оқытуға жәрдемақы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес бекітілген оқу жылына, яғни 1 қыркүйектен 25 мамыр кезеңіне тағайындалады. Жалған мәліметтерді ұсыну, әлеуметтік көмек төлеміне әсер ететін жағдайларды жасырып қалу нәтижесінде артық төленген әлеуметтік көмек алушыдан ұсталады.
      Әлеуметтік көмектің басқаша себептермен артық төленген сомасы кінәлі адамдардан өндіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады