Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 09 сәуірдегі N 153 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 11 мамырда N 2-14-128 тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 03.04.2024 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды (бұдан әрі- мүгедек балалар) үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу (бұдан әрі- үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек) әр мүгедек балаға тоқсанына айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.

      2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек туған, асырап алған сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға отбасының табыстарына қарамастан, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының берген қорытындысы негізінде мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап жазғы каникул күндерін есептемегенде бір оқу жылына өтініш білдірген тоқсаннан бастап тағайындалады және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысының мерзімінің бітуіне дейін төленеді. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді.

      3. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын. Үйде оқытуға көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның басшысымен арызды және барлық керекті құжаттарды қабылдаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылданады және тоқсан сайын төленеді.

      4. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Шаяхметова Айгүл Нұртаевнаға тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер арқылы өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда жәрдемақының тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін:

      1) өтініш;

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі;

      3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

      4) мүгедек баланың тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (тоқсан сайын);

      5) медициналық–әлеуметтік сараптаманың мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;

      6) облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы;

      7) үйден оқытуды растайтын оқу орнынан берілген анықтама (тоқсан сайын);

      Құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

      5. Көксу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 наурыздағы "Әлеуметтік көмек туралы" N 70 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2-14-89 тіркелген, аудандық "Нұрлы Көксу" газетінің 2010 жылдың 12 наурызында N 11(12) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Садықова Әлия Секерғалиқызына жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

М. Өсербаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады