Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Алматы облысы Көксу ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 31.12.2014 № 4 шешімімен.
Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "кентіндегі" сөздері "ауылындағы" сөздерімен, "кенттік" сөздері "ауылдық" деген сөздерімен ауыстырылды – Алматы облысы Көксу ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 31.12.2014 № 44 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасы басшылыққа алып, Балпық ауылдық округі тұрғындарының пікірін және Көксу аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Балпық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Шешімнің кіріспесіне өзгеріс енгізілді –
Алматы облысы Көксу ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 31.12.2014 № 4 шешімімен.
1. Көксу ауданы Балпық ауылдық округіне қарасты, Балпық би ауылындағы Желтоқсан көшесі Д.А. Қонаев көшесі болып, жаңадан салынған 11-ші көше Ілияс Жұмабек көшесі болып және 12–ші көше Бейбітшілік көшесі болып атаулары өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балпық ауылдық |
|
округінің әкімі |
Ә. Қалиева |