Балпық би кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 17 наурыздағы "Балпық би кенттік округіне қарасты, Балпық би кентіндегі көшелердің атын өзгерту туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Көксу ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 10 ақпанда № 3038 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Балпық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Балпық би кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 17 наурыздағы
      "Балпық би кенттік округіне қарасты, Балпық би кентіндегі көшелердің атын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 2 сәуірінде № 2-14-92 тіркелген, "Нұрлы Көксу" газетінде 2010 жылдың 9 сәуірінде № 15 (16) жарияланған) № 1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын: "Балпық ауылдық округінің Балпық би ауылындағы көшелердің атын өзгерту туралы";
      аталған шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "кентіндегі" сөздері "ауылындағы" сөздерімен, "кенттік" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің кіріспесіндегі "4-тармағын" сөздері "4) тармақшасын" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балпық ауылдық округінің бас маманы Р. Балғабаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Ә. Қалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады