Райымбек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Райымбек ауданының 2010 – 2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» № 32-160 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 36-186 шешімі. Алматы облысы Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 сәуірде N 2-15-87 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 52-253 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2011.04.18 N 52-253 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 1- тармағының 12-2 ) - тармақшасына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:     
      1. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      төрағасы                        Ж.Үйсінбаев

      Аудандық мәслихаттың
      сессиясының хатшысы            Ұ.Әбек\

      Аудандық мәслихаттың

                                                                    2010 жылғы______ сәуірдегі
№  ______ шешіміне қосымша

«Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
 

  1. Осы «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру Ережесі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

  1. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағының берілуі

моральдық көтермелеудің маңызды түрлерінің бірі және марапаттала-тындардың ауданның экономикалық, әлеуметтік және рухани даму саласында сіңірген еңбектерінің танылуының белгісі болып табылады.

  1. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын Райымбек

аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының  мерекелік күндері  қарсаңында береді.

  1. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағы өмірбаяндары

Райымбек ауданымен байланысты ауданның азаматтарына, сондай-ақ басқа аудан, қалалар мен шет ел азаматтарына олардың ауданның алдында:

          1) ауданның әлеуметтік – экономикалық саласын дамытудағы; 

          2) қоғамды демократияландырудағы, аудан халқын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асырудағы;

          3) агроөнеркәсіп кешенін, өнеркәсіпті  дамытудағы тиімділігі жоғары жаңа техника мен технология жасау мен өндірудегі ғылыми жетістіктері;

          4) аудан халқының мәдениетін дамыту мен байытудағы, көркемдігі жағынан биік өнер, әдебиет және журналистика туындыларын жасаудағы;

          5) Егемен Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігінің қалыптасуына, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтудағы, өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұзақ жылғы жемісті еңбегімен үздік нәтижелерге жеткені үшін, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы зор жетістіктеріне, мемлекеттік және әскери қызметтегі қалтқысыз еңбегі мен жетістіктеріне, бейбіт уақытта парызы, азаматтық міндетін атқаруда жеке ерлігі, төтенше жағдайдағы ерекше еңбегі үшін;

         6) адам өмірін, аудан тұрғындарының денсаулығын сақтаудағы шараларды жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған табиғи ортаны сауықтырудағы;

         7) заңдылық пен құқық тәртібін нығайтудағы сіңірген еңбектері үшін беріледі. 

         5. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағына үміткер келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

          1) Райымбек ауданы деңгейінде басшылық қызметтерде өзінің қызметтік міндетін жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, білімділік пен біліктілік таныта білген, өз қызмет саласы бойынша аудан, облыс, Республика көлемінде үздік нәтиже көрсеткен, аудан халқының алғысына ие болып, құрметіне бөленген бұрынғы КСРО-ның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен (Орден, медаль) марапатталған, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, өзінің қызмет және кәсіби саласы бойынша Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын иеленгендер.

6. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді аудан әкімінің ұсынуымен аудандық мәслихат қабылдайды.

7. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру мәселелері құжаттарды жүргізу мен есепке алуды, аудандық бюджеттің есебінен куәлігі мен төс белгісін жасатуды аудандық мәслихат аппараты жүзеге асырады.

8.  «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағы  берілген азаматтарға куәлік пен төс белгісі тапсырылады.

           9. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағы  берілген азаматтар ауданның құрметті адамдары Кітабына енгізіледі.

           10. «Райымбек ауданының құрметті азаматы»  төс белгісі мен куәлігін   аудан әкімі және аудандық мәслихаттың хатшысы салтанатты жағдайда иесіне тапсырады.

           11. Тапсырылғаны туралы хаттама жасалып, оған тапсырған адам қол қояды.

12.  «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім аудандық «Хантәңірі» газетінде жарияланады.

           13. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» аудан аумағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшыларына және оның қызметкерлеріне кезексіз кіруге құқылы.


2. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын

кезектен тыс беру тәртібі.
 

          1. Райымбек ауданының азаматы өнер, мәдениет, білім, спорт салаларында Республикалық байқауларда бас жүлдені, халықаралық жарыстар мен олимпиада ойындарында жүлделі орындарды иеленсе;

           2. Спорт жарыстары бойынша Еуропа, әлем біріншілігі және олимпиада ойындарында жүлделі орын алса;

           3. Осы ережеге сай құрметке бөленген ауданның  азаматы зейнеткерлік демалысқа шыққан жағдайда.


3.  «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын

беруге ұсыну тәртібі

  1. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағына ұсынымды

аудандық мәслихатқа аудан әкімі енгізеді.

  1. Кәсіпорын, ұйым, бірлестік, қоғамдық ұйымдар мен шығармашылық

одақтар басшылары «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы өтініш хатты, ұжымның жалпы жиналысының хаттамасын, ұсынылған кандидатқа мінездемені, өмірбаяндық мәліметтерді аудан әкімінің аппаратына жолдайды.

  1. Атақ беру үшін ұсынылған адамның кандидатурасы ұсынып

отырған еңбек ұжымының немесе жергілікті қоғамдастық жиналыстарында (жиындарында) қаралып, шешім қабылданады, мінездемесі бекітіледі.

  1. Атақ беру үшін ұсынылған үміткердің ауданға сіңірген еңбегі,

көрсеткіштері, шығармашылық еңбектері, қызметінің тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, негізгі жұмыс нәтижелері, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан нақты үлесі көрсетілген мінездеме келтіріледі.

Атаққа ұсынылатын ғалымдардың, ғылым қайраткерлерінің

мінездемесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі, өнертапқыштардың өндіріске енгізген жаңалықтарының ( экономикалық тиімділігі көрсетілген ) тізбесі, өнер табыстары туралы авторлық куәліктердің көшірмелері қоса тапсырылады.

  1. Жиналыс хаттамасына жиналыс төрағасы, хатшысы қол қояды, мөр

басып, куәландырады. Аудан әкіміне жолдаған өтініш хатқа, мінездемеге тиісті басшының қолы қойылады, мөр басып, куәландырады. Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен өтініш хаттар қарастырылмайды. Сол, бір кандидатқа ұсыныс хат өкілетті органның шақырылымы кезеңінде екі реттен артық енгізілмейді.

  1. «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы

аудан әкімінің ұсынысы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясынан қалдырмай енгізеді.

  1. Атақ беру туралы құжаттар қабылданбаған жағдайда және аудандық

мәслихаттың сессиясында атақ берілмесе аудандық мәслихат, аудан әкімдігі, кәсіпорын, мекеме, бірлестік, қоғамдық ұйымға ауызша немесе жазбаша түрде түсіндірме береді.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады