РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, коммуналдық қызмет және тұрғын үй төлемақысын өтеу үшін, ай сайынғы төлемақы ретінде келесі мөлшерінде жеңілдіктер белгіленсін:
электр қуатымен қамтамасыз ету 45 (қырық бес) киловатт, 1 (бір) кіші газ балонның құны және орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде жылына бір рет 1(бір) тонна көмірдің құны.
2. Аудандық қаржы бөлімімен (Бибігүл Нүкенқызы Албанбекова) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсетуді аудандық бюджетте жоспарланған, аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Панфилов ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 4-25-159 шешімімен қаралған қаржыдан қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" /Жақыбай Азат Жапарұлы/ қосымша жеңілдіктердің тағайындалып, тағайындалған қосымша жеңілдіктер (екінші деңгейлі банктер немесе лицензиясы бар, осындай қызмет атқаратын мекемелер арқылы), жеңілдік алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы төленуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Келемсейіт