Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 23.07.2012 № 5-8-55 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне" сәйкес, Панфилов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданында табысы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін есептеу және төлеу жұмыстарын жүзеге асырсын (Жақыбай Азат Жапарұлы).
3. Ауданның қаржы бөлімі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін (Албанбекова Бибігүл Нүкенқызы).
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы Б. Молдахметов
Аудандық мәслихат
хатшысы Т. Оспанов
Панфилов аудандық мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі N 4-29-188
"Панфилов ауданында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері және тәртібі
туралы" шешіміне
қосымша
Панфилов ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі
Осы тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі (әрі қарай-тәртібі) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне" сәйкес әзірленген тұрғын үй көмегінің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қолданылатын негізгі ұғымдар:
уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
учаскелік комиссия - тұрғын үй көмегін сұраған отбасылардың (адамдардың) материалдық жағдайын тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
жиынтық табыс – тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы (еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс, алимент түріндегі табыс, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс, өзге де табыс, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс).
2. Тұрғын үй көмегі сол мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымды ретінде есептеледі.
Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Аудандық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шекті жол берілетін шығыстар деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
3. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.
4. Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып - күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға, уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктлігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, оның отбасына тұрғын үй көмегі қайта қалпына келтіріледі.
5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) қалалық, ауылдық округтің әкіміне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басының куәлігінің көшірмесі (жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (жылына бір рет, келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
3) тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген тұрғын үй құжатының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сату - сатып алу, жалға беру келісім шарты және т.б. жылына бір рет);
4) Әділет басқармасынан жеке меншігіндегі бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама (жылына бір рет);
5) тұрғын үйді күтіп ұстаумен коммуналдық қызметті тұтыну шығындары бойынша төленгені туралы түбіртектің көшірмелері (өткен тоқсанның соңғы айы);
6) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі туралы жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
Тұрғын үй көмегін алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.
6. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
3) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
4) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
5) жеке қосалқы шарушылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандық ты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шарушылықтың кірісі тоқсанына қалалық жерде тұратындарға бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
6) өзге де табыстар (өз қолымен растап береді).
7. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
2) тұрғын үй көмегi;
3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
5) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
6) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
7) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi қалалық, ауылдық округ әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, үш жұмыс күн ішінде қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады.
9. Учаскелік комиссия өтініш берушілердің құжаттарын қабылдап, оларды тұрғын үй көмегін берудің қажеттілігі туралы қорытынды актілерді 5 күн ішінде әзірлеп қалалық, ауылдық округ әкіміне ұсынады.
10. Қалалық, ауылдық округ әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап он күннен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкілеттi органға тапсырады.
11. Уәкілетті орган өтініш берушілерден және әкімдерден қоса тіркелген құжаттарымен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштерді қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
12. Тұрғын үй көмегін алушы уәкілетті органды тұрғын үй көмекті мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он бес күн мерзімде хабардар етуге тиісті.
13. Уәкілетті орган тиісті орындардан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге тиісті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.
14. Азаматтарға тұрғын үй көмегі уақытша тоқтатылады егер оны алушы:
1) осы тәртіпте белгіленген мерзімде тиісті құжаттарды ұсынбаса;
2) алатын тұрғын үй көмегін тиісті мақсатқа пайдаланбаса және тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері уақытында төлемесе уақытша тоқтатылады.
15. Бір тоқсанда бір жолғы табысы болса, жиынтық табысты есептегенде барлық табысты сол тоқсандағы ай сайынға бөлінеді. Егер отбасының бір мүшесі тоқсанда толық жұмыс істемесе, онда отбасының жиынтық табысын анықтауда оның табысы осы тоқсанда жұмыс істеген уақытына есептелінеді.
16. Отбасының жиынтық табысы отбасының құрамында ескерілген барлық адамдардың табыстарын қосу арқылы өтініш берілген алдағы тоқсанның тоқсаны үшін есептеледі.
17. Өтініш беруші мен алушы қалалық, ауылдық округ әкімінің іс-әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдардың шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар
18. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
1) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон.
2) Электр жүйесін қолдану:
1 адамға – 45 киловатт;
2 адамға - 90 киловатт;
3 адамға - 135 киловатт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
4) 1 жылға 4 тонна көмір (жыл бойына беру есептелінеді).
19. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін қызмет берушілер ұсынады. Көмірдің бағасын аудан әкімі белгілейді.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
20. Тұрғын үй көмегінің төлемі "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырады.