Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 қыркүйектегі N 4-33-212 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 18 қазанда N 2-16-121 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 4-38-243 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 22.12.2010 № 4-38-243 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет ұйымының мамандарына 2010 жылғы бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       С. Тастанбекова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Т. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады