Панфилов ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 қыркүйектегі N 4-33-213 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 18 қазанда N 2-16-122 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 4-38-243 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 22.12.2010 № 4-38-243 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 53-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Панфилов ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне 2010 жылғы бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй жайларды жылыту үшін отын сатып алуға әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       С. Тастанбекова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Т. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады