РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және аудан әкімі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің келісімі негізінде Басқұншы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Басқұншы ауылдық округінің Басқұншы ауылындағы Кеңес көшесінің атауы Қадыр Ізбасарұлы Қарабалаев деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Т.Күрдібаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі: Б. Жармуханбетов