РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 14 тармағына және аудан әкімі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің келісіміне сәйкес Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әулиеағаш ауылындағы Жетісу көшесінің атауы Жапар Шаяхметов деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы И. Бүйенбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі А. Нурымов