Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы N 1 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 9 ақпанда N 2-17-81 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 наурыздағы N 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2011.03.05 N 85 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.
      2. Бұл қосымша шаралар бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, білім, әдет, дағдыларын алу мақсатында әзірленгені анықталып, 2010 жылы көрсетілетін болады.
      3. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган – "Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О.Ш. Тертюбаев):
      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жоғарғы оқу орындарының, колледждердің және кәсіптік лицейлердің түлектер арасында жастар практикасын жүргізу жұмыстарын ұйымдастырсын.
      2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жастар практикасын ұйымдастыруға келісім шарт жасасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Маманбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Бекішов

Сарқан ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 18 қаңтардағы
N 1 қаулысына
қосымша

Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде
қосымша шаралар белгілеу туралы

      Сарқан ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар, жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (бұдан әрі-жастар практикасы) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
      2. Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатын жастар практикасын өткізеді.
      3. Жастар практикасы меншік түрінен қарамастан кәсіпорындарында, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі-жұмыс беруші) ұйымдастырылады.
      4. Жастар практикасын ұйымдастыру мен бақылауды бөлім жүргізеді.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру

      Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) жұмыссыз жастардың саны - жалпы жұмыссыз азаматтардың бөлігін құрайтындығы;
      2) жастар арасында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтіндер санының өсуі;
      3) кәсіби оқу орындарын бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейтін еңбек өтілінің болмауы.
      5. Бөлім жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңеюі жөніндегі мәліметтерді жинап, жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
      6. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, бөлім жастар практикасына қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
      7. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:
      1) үміткерлердің бөлімде жұмыссыз есебінде тіркелуі;
      2) іріктеу кезінде кәсіби мамандығы бойынша жұмыстың болмауы;
      3) жасы 29 жасқа дейінгі жастар.
      8. Жастар практикасына қатысушы 12 ай ішінде осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші бөліммен келісім шарт жасайды. Келісім шартта қабылданатын жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жастар практикасының ең жоғарғы мерзімі 6 айдан аспауға тиіс.
      10. Осы келісім-шарт негізінде бөлім жұмыссыздың келісімімен жұмыс берушіге жолдама береді.
      11. Жұмыс беруші жолдаманың бір данасын бөлімге қайтаруға міндетті.
      12. Жастар практикасына қабылданған жағдайда, жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасап, жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық шығарады және үш жұмыс күні ішінде бөлімге тапсырады.
      13. Егер келісім-шартта көзделген міндеттердің орындалуы бұзылған жағдайда жастар практикасын жұмыс берушінің ұсынысымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзылады. Бұзылған жағдайда үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші бөлімге бұйрықтың көшірмесін беруге міндетті.
      14. Жастар практикасына қатысушының Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес келісім-шартты бұзылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші бөлімге бұйрықтың көшірмесін беруге міндетті.
      15. Еңбек шартының мерзімі аяқталған жағдайда, жұмыс беруші бөлімге хабарлауға немесе тұрақты жұмысқа қабылданған жағдайда бұйрықтың көшірмесін беруге міндетті.
      16. Жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін бөлімге жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынады.

3. Жастар практикасын қаржыландыру

      18. Жастар практикасы "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар практикасы бағдарламасын кеңейту" арқылы қаржыландырылады.
      19. Жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысын төлеу келісім-шартқа сәйкес бөлім арқылы бюджеттен бір қызметкерге орташа айлық 20 мың теңге көлемінде төленеді.
      20. Жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысы олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады