Сарқан ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" 226 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 87 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 11 мамырда N 2-17-86 тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 121 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 02.04.2024 № 121 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабының 2-тармағына және Сарқан ауданының әділет басқармасы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 29 желтоқсанда 2-17-79 болып енгізілген, Сарқан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы "Сарқан ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" 29-183 шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарқан ауданының әділет басқармасының 2005 жылы 20 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-17-6 нөмірмен енгізілген, 2005 жылдың 8 шілдесінде "Сарқан" аудандық газетінің 30 нөмірінде жарияланған, Сарқан ауданы әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" 226 қаулысына келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1 тармақтағы "5" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын;

      2) 3 тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      6) "Оқу орнының үйде оқыту фактісін растайтын анықтама".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

С. Бекішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады