Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 02.04.2024 № 121 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленіп оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік қосымша көмек (бұдан былай әлеуметтік көмек) әр балаға ай сайын төленуімен әр тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қамтамасыз етілсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2010.04.12 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.2. Әлеуметтік көмек туылған, асыранып немесе қамқорлыққа алынған 18 жасқа дейін жастағы балаларға (толық мемлекеттік қамтудағы және ата-анасы құқығынан айырылған ата-аналардың балаларынан басқа) үйде тәрбиеленіп, оқудың қажеттігі облыстық, медициналық, педагогикалық, психологиялық комиссия бекіткен мезгілден, отбасының табысы мөлшерінде қарамастан ата-анасының біреуіне, немесе орнындағы адамға төленетін болып белгіленсін.
3. "Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тертюбаев О.Ш) мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының біреуінің немесе орнындағы адамның, әлеуметтік көмек төлейтін мекемеден ашылған есеп шотты көрсеткен арызы негізінде тұрғылықты орны бойынша келесі құжаттар негізінде тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:
1) Өтінушінің жеке бас куәлігі, оның ішінде оралмандардың жеке бас куәлігі немесе ықтиярхаты, салық төленушінің нөмірі;
2) Мүгедек - баланың туу туралы куәлігі, оралман үшін ықтиярхат немесе куәлік;
3) Мүгедектігі белгілеген медициналық, әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы;
4) Отбасы мүшелерінің саны көрсетілген тұрғылықты жерінен анықтама;
5) Облыстық білім басқармасы жанындағы психологиялық-медициналық педагогикалық ведомствоаралық консультациясының баланың үйде тәрбиеленіп - оқытылуының қажеттігі туралы сараптамасы.
6) Оқу орнының үйде оқыту фактісін растайтын анықтама.
Ескерту. Қаулы 3-6) тармақшамен толықтырылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2010.04.12 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.4. "Сарқан аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Құмар Ф.С.) балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті аудан бюджетінде қарастырылған міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаржыландыру мәселесін шешсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Абдулдаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Өмірәлиев |
Аудан әкімінің | |
бірінші орынбасары: | Б. Абдулдаев |
Аппарат басшысы: | Ж. Андабеков |
Заңгер: | К. Джөкеева |
Жалпы бөлімнің | |
меңгерушісі: | Р. Мұханова |