Талғар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 мамырдағы N 31-194 шешімі. Алматы облысы Талғар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 маусымда N 2-18-104 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 01 тамыздағы N 7-44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2012.08.01 N 7-44 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15 тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талғар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 10 маусымдағы № 21-126 "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері және телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу туралы", аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 17 маусымда № 2-18-88 мемлекеттік нөмірмен тіркелген, аудандық "Талғар" газетінің № 26 (3848) санында жарияланған шешімнің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық, мәдениет, тіл және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                С.О. Әшімова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                             Р.М. Ыдралиева

Талғар аудандық мәслихатының
2010 жылғы 07 мамырдағы
№ 31-194 "Талғар ауданы бойынша
аз қамтамасыз етілген отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі және мөлшерін
айқындау" туралы шешіміне 1 қосымша

Талғар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі және мөлшері

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері (әрі қарай – тәртібі) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне" сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
      Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады, осы мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) жергілікті бюджеттің есебінен ақшалай төлем ретінде жүзеге асырылады.
      1. Берілген тәртіпте мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      2) учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайын тексеретін және қорытынды дайындау үшін Талғар қаласы және ауылдық округтер әкімдерінің шешімдерімен құрылған арнайы комиссия.
      Учаскелік комиссиялардың құрамын қоғамдық негізінде Талғар қаласының және ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктер, тұрғындар, ұйымдар мен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының өкілдерінен құрылады. Комиссияның мәжілісі кем дегенде он күнде бір рет өткізіледі
      3) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық табысына пайызбен қатынасы;
      4) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      5) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын, немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі нормалар шегінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шекті жол берілетін шығыстар деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3.Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілді органдар айқындайды.
      Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 1,2 тармақтарына сәйкес тұрғын үй көмегін алу туралы өтініштер келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және шешім қабылданады.

1. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      4. Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтініш иесі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды тапсырған тоқсаннан басталады.
      5. Тұрғын үйді ұстау және тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      6. Телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) – коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы.
      7. Жеке меншігінде бірден артық баспанасы (пәтері,үйі) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      8. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан қызмет берушілерінің тарифі бойынша, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі әлеуметтік нормалары мен нормативтерінің шегінде тағайындалады.
      9. Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
      10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда), әлеуметтік жеке код (ӘЖК), салық төлеушінің тіркеу номері (СТН) көшірмесі;
      2) әділет басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда алынады;
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (сыйға тарту, жалға беру келесім шарты жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда);
      5)отбасының барлық мүшелерінің табысы туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      6)коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен тоқсанның соңғы айы);
      7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      8) белгілі санаттағы тұлғалар үшін, қосымша құжаттарды дайындау керек: жұмыссыз – жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама, мүгедек – медициналық – әлеуметтік сараптау комиссиясынан анықтама, жалғыз басты ана – № 4 үлгідегі анықтама ( азаматтық хал актілерін жазатын бөлімі берген);
      9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      10) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      12) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      11. Бір тоқсанда бір жолғы табысы болса, жиынтық табысты есептегенде барлық табысты ай санына бөліп, шыққан табыс мөлшері үш айға көбейтіледі. Егер отбасының бір мүшесі тоқсанда толық жұмыс істемесе, онда отбасының жиынтық табысын анықтауда оның табысы осы тоқсанда жұмыс істеген уақытына есептелінеді.
      Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, зәйнетақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      Алимент төлеуші:
      жұмыс жасамаса және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса (анықтама өткізсе);
      бас бостандығынан айрылған жерде немесе уақытша оқшаулап ұстауда болса (анықтама өткізсе);
      туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) есепте тұрса немесе емдеуде, еңбекпен емдеу профилакторияларында болса (егер анықтама өткізсе);
      Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекетте тұрғылықты жерге қоныс аударған жағдайда алименті есепке алмай отбасының жиынтық табысы есептелінеді.
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың, бақша өсірудің кірісі тоқсанына – қалалық жерде тұратындарға – бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға - алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
      5) өзге де табыс түрлері (өз қолымен жазған өтініш бойынша).
      Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй көмегі;
      3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты тұрмысы төмен отбасыларына ақшалай және заттай көрсетілген көмектер;
      7) жеке ісін ашуға немесе қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
      Егер жеке ісін ашуға немесе қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, осы факті анықталған тоқсандағы жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
      9) қорғаншылардың (қамқоршылардың) табысы (қорғаншы балаларға арналған жәрдемақы тағайындаған кезде);
      12. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ. Осының ішіне кірмейтіндер: 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар. Жедел әскери қызметтегі қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      13. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      Тағайындаушы уәкілетті орган, селолық округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін қажеттілігіне қарай тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қортынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға тапсырады.
      14. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасына тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау жайлы қортынды актілермен өтініш берушілердің құжаттарын бес күн ішінде уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне ұсынады.
      15. Ауылдық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын қабылданған күннен бастап, учаскелік комиссияның қортынды актілермен бірге жиырма күннен кешіктірмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органы өтініш берушілердің немесе ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау туралы уәкілетті органның басшысы қол қойған шешім қабылданады. Өтініш иесі учаскелік комиссия мен уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
      Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.
      17. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға жеке меншік баспана қалпысының, отбасы құрамының, оның мәртебесі мен жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      18.Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қосымша ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.

2. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      19. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер төлеу үшін нақты төленген сомадан аспау керек.
      20. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ретінде беріледі.
      21. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) Алаңдар:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
      отбасында 2 адамы барлар үшін – 42 шаршы метр;
      отбасында 3 және одан көп адамдар үшін - әр қайсына 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек;
      2) газ тұтыну:
      бір айға- 1 кішкене баллон;
      3) электр энергиясын қолдану
      1 адамға – 45 киловатт
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт
      4) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады
      5) от жағу маусымына үш тонна көмірдің құны жыл бойына есептеленеді, сонымен қатар бар қажетпен жабдықталған пәтерлерде (жылыту үшін электр энергиясын қолданғандарға).
      22. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі тарифтер қолданылады:
      1) электр мен газдың бағасы берілген тәртіпте бекітілген тариф бойынша.
      2) сумен қамтамасыз ету тарифі қала, ауылдағы қызмет берушілердің бағасына сәйкес.
      3) қызмет берушілер ұсынған көмірдің орташа бағасы.
      23. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу әр үш ай сайын жиынтық табысы туралы анықтамаларды және тұрғын үй коммуналдық қызметтер (электр жүйесі, газ, су, көмір), қоқысты шығару (бар қажетпен жабдықталған пәтерлерге) үшін төленген түбіртектердің көшірмесін тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
      24. Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      25. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығына, ал өтініш беруші жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды тапсырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапқа тартылады.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу

      26. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банк филиалдары мен "Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісім-шарт бойынша жәрдемақы алушылардың есеп шоттарына қаржыны аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады