«Талғар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 4 тамыздағы N 35-204 шешімі. Алматы облысы Талғар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 қыркүйекте N 2-18-111 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 5-35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2012.06.08 N 5-35 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Абдулдаев Бердәулет Ешенұлына жүктеу ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы              С. Әшімова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                           Р. Ыдралиева

Аудандық мәслихаттың
2010 жылы 4 тамыздағы № 35-204
"Талғар ауданының Құрметті азаматы"
атағын беру туралы ережесін бекіту туралы
шешіміне қосымша

1. Жалпы ережелер

      1. "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағының берілуі моральдық көтермелеудің маңызды түрлерінің бірі. "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағы қадірлеу белгісі ауданның дамуына ерекше еңбек сіңіргені үшін, тек Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
      2. "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағы Талғар ауданы әкімінің ұсынысымен аудандық мәслихаттың шешімімен беріледі.
      3. "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағы өмірбаяндары Талғар ауданымен байланысты ауданның азаматтарына, сондай-ақ басқа аудан, қалалар азаматтарына Талғар ауданының дамуына қосқан келесі үлестері үшін беріледі:
      1) ауданның әлеуметтік - экономикалық реформаларына белсене қатысса, экономикалық қаржылық, өнер кәсіп және аграрлық секторларының дамуына түпкілікті ықпал етсе, кең көлемді инвестицияларды тартса;
      2) қоғамды демократияландыру ісіне қатысып, аудан халқын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асырса, жемісті және белсенді түрде қайырымдылық қызмет атқарса;
      3) агроөнеркәсіп, техникалық тиімділігі жоғары жаңа техника мен технология енгізсе;
      4) аудан халықтарының ұлттық мәдениеттерін жақындастырып, дәстүрлерін дамытып насихаттаса, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етсе, аудан тарихын зерттеп, көркемдігі жағынан биік өнер, әдебиет және журналистика туындыларын шығарса;
      5) Егемен Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігінің қалыптасуына үлкен үлес қосса, жастарды тәрбиелеудің, оқушылар мен студенттерге сапалы білім берудің, спортты, дене тәрбиесін дамытудың жаңа түрлерін нығайтса, оны практика жүзінде іске асырса;
      6) адам өмірін, аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған табиғи ортаны сауықтыру ісіне үлес қосса;
      7) заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізсе, азаматтар құқығының қорғалуына еңбек сіңірсе, бейбіт уақытта парызы мен азаматтық міндетін атқаруда жеке ерлік көрсетсе;
      4. "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағына үміткер келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
      1) Бұрынғы Совет Одағының немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен (Орден, медаль) марапатталған, Қазақстан Республикасының құрмет грамотасының, өзінің қызмет саласы бойынша Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын иеленгендер;
      2) Талғар ауданының басшысы болып мінсіз қызмет (жұмыс) атқарса, аудан деңгейінде басшы қызметін немесе бір салада қызмет атқарып, ауданға ерекше еңбегін сіңірсе, өзінің қызметтік міндетін атқаруда жоғары кәсіби шеберлік, білімділік пен біліктілік таныта білген, аудан азаматтарының алғысына бөленіп, құрметіне ие болса;
      5. "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағы кезектен тыс мынадай жағдайларда беріледі:
      1) Талғар ауданының азаматы өнер, мәдениет, білім, спорт салаларында, олимпиада ойындарында, халықаралық жарыстарда, байқауларда бас жүлдені иеленсе;
      2) Спорт жарыстары бойынша Еуропа, Әлем біріншілігінде жүлделі орын алса;
      3) Ғылым салаларын дамыту үшін доктор ғылыми дәрежесін, профессор-ғылыми атағын алса;
      4) Әскери және құқық қорғау салаларында жоғарғы шенге (генерал) ие болса;
      5) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді аудан әкімінің ұсынуымен аудандық мәслихат депутаттары көпшілік дауысымен мәслихат сессиясында қабылдайды.
      6) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға куәлік пен төс белгісі тапсырылады;
      7) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" төс белгісі мен куәлігін аудандық мәслихаттың хатшысы және аудан әкімі салтанатты жағдайда иесіне тапсырады.
      8) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім аудандық "Талғар" газетінде жарияланады.       

2. "Талғар ауданының Құрметті азаматы"
атағын беруге ұсыну тәртібі

      1) Ұсынысқа жиналыс, конференция хаттамаларының көшірмесі, сіңірген айрықша еңбектері жайлы құжаттар көшірмесі мен өмірбаян мәліметтері, көлемі 3х4 суреті қоса беріледі.
      2) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағын беру ұсынысты тиісті құжаттарымен аудандық әкімшілікке жіберіледі.
      3) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағын беру жайлы ұсынысты, құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексеру, қабылдау және дайындау аудандық әкімшіліктің кадр және ұйымдастыру бөлімі жүргізеді.
      Егер ұсынылған кандидатураның құжаттары белгіленген тәртіпке сай келмесе, онда ұсыныс кері қайтарылып, толықтырылуға жіберіледі.
      4) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы аудан әкімі шешім қабылдағаннан кейін, аудандық мәслихаттың қарауына тиісті шешім қабылдау үшін ұсыныс жібереді.
      5) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" туралы құжаттардың жүргізілуі мен есебін, куәлігі мен кеудеге тағатын белгісі аудандық бюджеттің есебінен аудандық әкімшіліктің кадр және ұйымдастыру бөлімі жүргізеді.
      6) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" туралы куәлікке аудандық мәслихат хатшысы мен аудан әкімі қол қояды.
      7) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" туралы куәлік кеудеге тағатын белгіні салтанатты жағдайда тапсыру аудандық мәслихат хатшысына, әкімге немесе сеніп тапсырған уәкілге жүктеледі.
      8) "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсынысты, өкімді аудандық мәслихатқа аудан әкімі енгізеді.
      9) Кәсіпорын, ұйым, бірлестік, қоғамдық ұйымдар және шығармашылық одақтардың басшылары "Талғар ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы өтініш хатты, ұжымның жалпы жиналысының хаттамасын, ұсынылған кандидатқа мінездемені аудан әкімінің аппаратына ұсынады.
      10) Атақ беру үшін ұсынылған адамының кандидатурасы жұмыс істейтін кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, сондай-ақ қоғамдық ұйымның жиналысында қаралып, шешім қабылданады, мінездеме бекітіледі
      11) Атақ беру үшін ұсынылған кандидаттың ауданға сіңірген еңбегі, көрсеткіштері, шығармашылық еңбектері, қызметінің тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, негізгі жұмыс нәтижелері, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан нақты үлесі көрсетілген мінездеме келтіріледі.
      Атаққа ұсынылатын ғалымдардың, ғылым қайраткерлерінің мінездемесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі, өнертапқыштардың өндіріске енгізген жаңалықтарының (экономикалық тиімділігі көрсетілген) тізбесі өнертабыстары туралы авторлық куәліктердің көшірмелері қоса тапсырылады.
      12) Жиналыс хаттамасына жиналыс төрағасы, хатшысы қол қояды, мөр басып, куәландырады. Аудан әкіміне жолдаған өтініш хатқа, мінездемеге кәсіпорын, ұйым, бірлестік, қоғамдық ұйымның, шығармашылық одақтың басшылары қол қояды, мөр басып, куәландырады.
      13) Атақ беру туралы өтініш хат, жиналыс хаттамасы, мінездеме мемлекеттік тілде (сондай-ақ, орыс тілінде) хаттамаландырылады, келісу үшін аудан әкіміне жолданады.
      14) Атақ беру туралы құжаттар қабылданбаған жағдайда және аудандық мәслихаттың сессиясында атақ берілмесе аудандық мәслихат, аудан әкімдігі, кәсіпорын, мекеме, бірлестік, қоғамдық ұйымға ауызша немесе жазбаша түрде түсіндірме береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады