Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2011.03.25 N 03-271 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 23-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың қазан – желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысын Талғар қаласы, Павлов көшесі, 22/а үйде ұйымдастыруды.
2. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда құруды:
Азноварян Владимир Сумбатович |
комиссия төрағасы, "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлім" Мемлекеттік мекеме бастығы |
Сарбасов Амангелді Сұлтанбекұлы |
төраға орынбасары, Талғар аудандық әкімі аппаратының жалпы бөлімінің жетекші маманы |
Комиссия мүшелері: |
|
Сағынбеков Мұрат Нүсіпақынұлы |
аудандық ішкі істер басқармасы бастығының әкімшілік қызметі жөніндегі орынбасары |
Крабаева Қалжан Абылайқызы |
дәрігер, медициналық комиссия төрайымы |
Хамраева Раногуль Абдрашитқызы |
комиссия хатшысы |
3. Аудандық комиссия өзінің тәжірибелік жұмысында қатаң түрде Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының талаптарын қолдануды.
4. Аудандық әскери қызметке шақыру комиссия мүшелерінің ауырып қалған жағдайда немесе басқа себептермен келмей қалған уақытта қосалқы құрам құруды:
Бекбаев Серік Асланұлы |
шақыру комиссиясының төрағасы, "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлім" Мемлекеттік мекеме бастығының орынбасары |
Мықтыбаева Сәуле Нәбиоллақызы |
шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары, Талғар аудандық әкім аппараты жалпы бөлімінің бас маманы |
Комиссия мүшелері: |
|
Беркенбаев Талғат Бахытжанұлы |
аудандық ішкі істер басқармасы бастығының жедел іздестіру жұмысы жөніндегі орынбасары |
Исабаев Қайрат Каримұлы |
дәрігер, медициналық комиссиясының төрағасы |
5. "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім" Мемлекеттік мекемесіне азаматтарды шақыру комиссиясына 2010 жылдың 1 қазанына шақыру жүктеуді.
6. Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес Талғар қаласы Мемлекеттік қазыналық денсаулық сақтау мекемесінің "Талғар аудандық орталық ауруханасына" төмендегі міндеттерді жүктеуді (Күлсеитов Нұрлан Ғаббасаұлы):
1) Аудандық шақыру комиссиясының қарамағына қажетті құрамда шақырушыларды медициналық куәландіру үшін тәжірибелі дәрігер мамандар және орта медицина қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін (1-Қосымша);
2) Аудандық шақыру комиссиясының жолдамасымен жіберілген шақырушылардың денсаулығын қосымша медициналық куәландіруден өткізу үшін, аудандағы стационарлық емдеу мекемелерін қосымша төсектермен қамтамасыз етсін;
3) Аудандағы емдеу мекемелерінде барлық шақырушылардың анализдерінің өткізілуі "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім" Мемлекеттік мекемесінің жоспары және есебіне сәйкес қамтамасыз етсін;
4) Шақыру мерзімінде шақырушылардың ішінде тісі ауыратындарды емдеуді қамтамасыз етсін;
5) "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім" Мемлекеттік мекемесінің сұранысы бойынша шақыру комиссиясын қажетті құрал жабдықтармен, медициналық және шаруашылық заттармен қамтамасыз етсін. Шақырушылардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау және тексеру үшін рентгенпленкалар қоры болсын;
6) Әскери қызметке шақыру мерзімі өткеннен кейін және "Мемлекеттік мекеме ұсынысымен емделуді қажет ететін әскерге шақырушылардың тізіміне сәйкес, азаматтарды келесі шақыру мерзіміне дейін емдеу мекемелеріне бекіту және емделуін қамтамасыз етсін.
7. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындары, ауыл шаруашылық ұжымдары басшыларына, меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан міндеттелсін:
1) Аудандық шақыру комиссиясына шақырушылардың "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім" Мемлекеттік мекемесіне келуін қамтамасыз етсін, іссапарда және кезекті демалыста жүрген барлық шақырушыларды кері шақыру міндеттелсін;
2) Техникалық қызметкерлер, машинистер, қызмет көрсетуші және жанар маймен қамтамасыз етілген автокөлік "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім" Мемлекеттік мекемесі қарамағына кестеге сәйкес шақыру орнына бөлінсін (2-Қосымша).
8. Талғар қалалық және ауылдық округтерінің әкімдері Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес, шақырылуға тиісті шақырылушыларға шақыру құжатын өз қолына тапсырылуы және олардың шақыру комиссиясына "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім" Мемлекеттік мекемесі белгіленген күнге қамтамасыз ету міндеттелсін.
9. "Аудандық білім бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне (Абдыхалықова Клара Төлешқызы), "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істер бөлім" Мемлекеттік мекемесімен (Азноварян Владимир Сумбатович) бірге шақырушыларды Қарулы Күштер қатарына шығарып салуды салтанатты түрде өткізуді ұйымдастыруды жүктеуді.
10. "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істер бөлім" Мемлекеттік мекемесінің бастығы (Азноварян Владимир Сумбатович) шақыруға міндет алғаннан кейін шақырушыларды Талдықорған қаласының жиналу орнына дейін тасымалдау үшін, автокөлік иесімен келісім шарт жасасын. Тасымалдау ақысы аудандық қаржы есебінен төленсін.
11. Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес Талғар аудандық ішкі істер басқармасына (Қойшыбаев Илияс Әбдіұлы) міндеттелсін:
1) "Талғар қалалық Біріккен қорғаныс істері бөлім" Мемлекеттік мекемесіне, бұрын сотталған, қылмысын өтеп жүрген сот және тергеу қарамағында қоғамдық тәртіп бұзушы және басқа қылмыстары бойынша жүрген шақырушылар туралы ақпарат берсін;
2) Әскери шақыру орнында шақыру және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақырылғандарды жөнелту кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
3) Әскери міндетін өтеуден жалтарған азаматтарды іздеу үшін, шақырылушыларды іздеу тобын аймақтың инспекторлар қатарынан құрылсын.
12. Қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Райхан Нұрмырзақызы Садықоваға жүктелсін.
13. Аталған қаулы жергілікті ақпарат құралдарында жарияланған күннен кейін он күн мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Т. Өмірәлиев
Аудан әкiмдігінің
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
N 09-703 қаулысына N 1-қосымша
2010 жылы шақыруға жататын жасөспірімдердің
медициналық куәләндіру үшін іріктелген
маман дәрігерлердің
Т І З І М І
N |
Мамандығы |
Негiзгi құрам |
1. |
Медициналық комиссияның төрайымы |
Қрабаева Қалжан Абылайқызы |
2. |
Терапевт |
Әлеқұлова Нұргүл Зиналқызы |
3. |
Хирург |
Ашимов Гульмамед Мустафаевич |
4. |
Көз дәрігері |
Ким Ирина Александровна |
5. |
Лор дәрігері |
Рамазанова Наталья Мұнайдарқызы |
6. |
Тері дәрігері |
Жармухамедов Шора Әбенұлы |
7. |
Тіс дәрігері |
Рахимов Берiк Баймухамедұлы |
8. |
Невропатолог |
Итаков Құрбан Төреұлы |
9. |
Психиатр |
Сыздыков Абдразак Жакупбарұлы |
10. |
Мейірбике |
Хамраева Раногуль Абдрашитқызы |
Алматы облысы Талғар қаласының
Біріккен қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы
полковник В. Азноварян
Аудан әкiмдігінің
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
N 09-703 қаулысына N 2-қосымша
Талғар қалалық Бiрiккен қорғаныс iстерi
жөнiндегi бөлiмiне техникалық қызметкерлер және
автокөлiктердi бөлу
К Е С Т Е С I
N |
Мекемелер |
Орындау |
Тех. қызмет |
Авто |
Орын- |
1. |
Жеке шаруашылық Асыл тұқым зауыты "Алматы" |
01.10.-30.10. |
1 |
||
2. |
Сумен қамтамасыз ету басқармасы |
1 |
|||
3. |
АҚ "Талгар спирт" |
1 |
|||
4. |
АҚ "ТЭЛМЗ" |
1 |
|||
5. |
Автобус паркi |
1 |
|||
6. |
Аудандық тұйық коммуникациясы |
1 |
|||
7. |
Аудандық поштасының тұйық байланысы |
30.10.-30.11. |
1 |
||
8. |
М.Бейсебаев атындағы Талғардың агробизнес және менеджмент колледж |
1 |
|||
9. |
Медициналық колледжі |
1 |
|||
10. |
Аудандық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi |
1 |
|||
11. |
ЖШС "Тұлпар" |
1 |
Алматы облысы Талғар қаласының
Біріккен қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы
полковник В. Азноварян