Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2012.03.27 N 03-163 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентiнiң 2011 жылғы 03 наурыздағы N 1163 "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр–маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметінің 2011 жылдың 03 наурыздағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы" N 250 Қаулысы негізінде, Талғар ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы Павлов көшесiндегi N 22/а үй мекен-жайындағы шақыру учаскесiнде "Талғар қалалық Қорғаныс iстерi жөнiндегi біріккен бөлiмi" мемлекеттік мекемесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша шаралар ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргiзу үшiн әскерге шақыру өткiзу кезеңiне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесi 2 және 3-қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
4. Қаланың, ауылдық округтердiң әкiмдерi 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қарулы Күштер қатарына шақыру кезеңінде шақыру учаскелеріне шақырылғаны туралы хабардар етiп және олардың келуiн ұйымдастырсын.
5. Талғар аудандық iшкi iстер басқармасы мемлекеттiк мекемесiнiң бастығына (Қойшыбаев Илияс Абдеевич келісім бойынша) әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыруды, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақырылғандарды және жөнелту кезеңінде шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
6. Талғар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 07 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының 1983-1992 жылдары туылған азаматтарын 2010 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 09-703 (Талғар ауданының әділет басқармасында 2010 жылдың 05 қазанында 2-18-112 нөмірімен мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2010 жылдың 16 қазанында 45 (3918) "Талғар" газетінің нөмірінде жарияланған) қаулының орындалуына байланысты күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Райхан Нұрмырзақызы Садықоваға жүктелсiн.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Т. Өмірәлиев
КЕЛІСІЛДІ:
Мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны "Талғар
ауданының аудандық емханасы"
бас дәрiгері Құлсеитов Нұрлан Ғаббасұлы
25 наурыз 2011 жыл
Талғар аудандық iшкi iстер
басқармасының бастығы Қойшыбаев Илияс Әбдіұлы
25 наурыз 2011 жыл
"Талғар қаласының Біріккен
қорғаныс істері жөніндегі бөлім"
мемлекеттік мекеме бастығы Азноварян Владимир Сумбатович
25 наурыз 2011 жыл
2011 жылдың 25 наурыздағы
N 03-271 "Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2011 жылдың сәуiр-маусымында
және қазан–желтоқсан
айларында кезектi мерзiмдi
әскери қызметке шақыру
туралы" қаулысына
1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
1. Азноварян Владимир Сумбатович - комиссия төрағасы "Талғар қалалық Қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлім" Мемлекеттік мекеме бастығы;
2. Хасенов Дәурен Қайыржанұлы - төраға орынбасары Талғар аудандық әкім аппараты жалпы бөлімінің жетекші маманы, (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
3. Керимкулов Қанат Темірғалиұлы аудандық ішкі істер басқармасы бастығының әкімшілік қызметі жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
4. Крабаева Қалжан Абылайқызы медициналық комиссия төрайымы, аудандық орталық емхананың дәрігері, (келісім бойынша);
5. Хамраева Раногуль Абдрашитовна комиссия хатшысы, аудандық орталық емхананың мейірбикесі, (келісім бойынша).
2011 жылдың 25 наурыздағы
N 03-271 "Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2011 жылдың сәуiр-маусымында
және қазан–желтоқсан
айларында кезектi мерзiмдi
әскери қызметке шақыру
туралы" қаулысына
2-қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесi
N |
Ауыл |
Шақырыл- |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
|||||||||
1 |
Талғар |
670 |
100 |
100 |
50 |
100 |
100 |
50 |
50 |
120 |
||||
2 |
Алатау |
190 |
50 |
50 |
50 |
40 |
||||||||
3 |
Бесағаш |
180 |
50 |
50 |
50 |
30 |
||||||||
4 |
Бесқайнар |
30 |
30 |
|||||||||||
5 |
Белбұлақ |
260 |
50 |
50 |
50 |
50 |
60 |
|||||||
6 |
Гүлдала |
110 |
50 |
50 |
10 |
|||||||||
7 |
Кеңдала |
140 |
50 |
50 |
40 |
|||||||||
8 |
Қайнар |
120 |
50 |
50 |
20 |
|||||||||
9 |
Көктюбе |
50 |
50 |
|||||||||||
10 |
Нұра |
110 |
50 |
60 |
||||||||||
11 |
Панфилов |
240 |
50 |
50 |
50 |
50 |
40 |
|||||||
12 |
Тұздыбас- |
200 |
50 |
50 |
50 |
50 |
2011 жылдың 25 наурыздағы
N 03-271 "Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2011 жылдың сәуiр-маусымында
және қазан–желтоқсан
айларында кезектi мерзiмдi
әскери қызметке шақыру
туралы" қаулысына
3-қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесi
N |
Ауыл |
Шақырыл- |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
|||||||||
1 |
Талғар |
670 |
100 |
100 |
50 |
100 |
100 |
50 |
50 |
120 |
||||
2 |
Алатау |
190 |
50 |
50 |
50 |
40 |
||||||||
3 |
Бесағаш |
180 |
50 |
50 |
50 |
30 |
||||||||
4 |
Бесқайнар |
30 |
30 |
|||||||||||
5 |
Белбұлақ |
260 |
50 |
50 |
50 |
50 |
60 |
|||||||
6 |
Гүлдала |
110 |
50 |
50 |
10 |
|||||||||
7 |
Кеңдала |
140 |
50 |
50 |
40 |
|||||||||
8 |
Қайнар |
120 |
50 |
50 |
20 |
|||||||||
9 |
Көктюбе |
50 |
50 |
|||||||||||
10 |
Нұра |
110 |
50 |
60 |
||||||||||
11 |
Панфилов |
240 |
50 |
50 |
50 |
50 |
40 |
|||||||
12 |
Тұздыбас- |
200 |
50 |
50 |
50 |
50 |