Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, “Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы” Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талғар ауданы елді мекендер жерінің құрамына елді мекендерді кеңейтуге және осыған байланысты қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес, төмендегі Талғар аудан елді мекендерінің шекаралары (шегі) мынадай болып өзгертілсін:
Алатау ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 1 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде Береке ауылына 1 гектар;
Бесағаш ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 5,752 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Бесағаш ауылына – 5,752 гектар;
Бесқайнар ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 37,55 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Бесақайнар ауылына – 7,55 гектар, Қотырбұлақ ауылына – 30,0 гектар;
Гүлдала ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы - 15,35 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Әлмерек ауылына – 5,6 гектар,
Қайрат ауылына – 9,75 гектар;
Кеңдала ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 5,2 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Ақдала ауылына – 5,2 гектар;
Көктөбе ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы - 7,1 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Рмизовка ауылына –7,1 гектар;
Панфилов ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы – 19 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Төңкеріс ауылына – 19 гектар;
Тұздыбастау ауылдық округінің елді мекендерінің шекарасына барлығы 6,34 гектар жер аумағы енгізілсін.
2. “Талғар аудандық жер қатыныстары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қолданылып жүрген есеп құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Түргенбаев Қ.Ә.
Аудандық мәслихат
хатшысының міндетін
уақытша атқарушы Махатов Қ.Қ.
Аудан әкімі Өмірәлиев Т.Ә.