Көктөбе ауылдық округінің 2009 жылы 19 қарашада өткен тұрғындар жиналысы шешімнің хаттамасына байланысты, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағы және «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағының 13 тармақшасы, 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көктөбе ауылдық округіне қарасты Ақ қайың ауылының атауы жоқ көшесіне еліміздің ұлттық тарихы мен мәдениетіне еңбегі сіңген азаматтың аты төмендегідей берілсін:
1) «Әжібай батыр» көшесі
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Тастанбаева Гульшат Руспековнаға жүктелсін.
Ауылдық округ әкімі Д. Батталғазиев