Тұздыбастау ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлеріне жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінің әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 270 шешімі. Алматы облысы Талғар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 желтоқсанда № 2-18-118 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Талғар аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұздыбастау ауылдық округіне қарасты Алмалы, Полевая көшелерінің аттарын Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 65 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысының ардагері бірінші және екінші топ мүгедектері, сұрапыл соғыстан кейін еліміздің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан, жастарға үлгі өнеге бола білген азаматтардың аттары төмендегідей берілсін:      
      Полевая көшесінің атауы Ахмадиев Қасымбек көшесінің атауына өзгертілсін;
      Алмалы көшесінің атауы Жұмабеков Бекетай Бәшейұлы көшесінің атауына өзгерсін;
      2. Жаңа құрылыс жерлеріндегі атауы жоқ жаңа көшелерге төмендегі көше атаулары берілсін:
      Бірінші көшеге Казиев Зиннұр Қазиұлы көшесі;
      Екінші көшеге Нарумов Кәрім Әлібекұлы көшесі;
      Үшінші көшеге Монтаев Ибрагим көшесі;
      Төртінші көшеге Орымбаев Абдыбай көшесі атауы берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тұздыбастау ауылдық
      округінің әкімі                             Ж.Меерманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады