Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 01 наурыздағы N 05-65 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 01 сәуірде N 2-19-95 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 02 маусымдағы N 06-167 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2011.06.02 N 06-167 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 1116-баптары және 29-бабының 7-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына және Ұйғыр аудандық мәслихатының 21 желтоқсан 2009 жылғы "Ұйғыр ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" N 30-1 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды (бұдан әрі-мүгедек балалар) үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу (бұдан әрі - үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек) әр мүгедек балаға-тоқсанына айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.
      2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек туған, асырап алған, сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттігі туралы қорытындысының негізінде берілуі белгіленсін.
      Үйде тәрбиелеуге және оқытуға оны алу құқығы туындаған сәттен бастап ұсынылады, бірақта психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында бекітілген мерзімде көрсетілген айдан бастап үш айдан аспауы тиіс. Ал, жәрдемақы бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.
      Үйде оқытуға әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес бекітілген бұйрығына сәйкес бекітілген оқу жылына, яғни 01 қыркүйектен 25 мамыр кезеңіне есептелінсін.
      Көмек алу құқығы тоқсан сайын оқу орнының үйде оқыту дерегін растайтын анықтамасын және тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжатын өткізумен нақтыланады.
      Үйде оқытуға көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның басшысы арызды және барлық керекті құжаттарды қабылдаған күннен бастап он күн жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      3. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Тұрдыбакиев Турсунжанға тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер) өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда жәрдемақының тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін:
      1) арыз.
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыру құжатының, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі.
      3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
      4) тұрғылықты жерін растайтын құжат.
      5) медициналық-әлеуметтік сараптаманың мүгедекті белгілеу туралы анықтаманың көшірмесі.
      6) облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
      7) оқу орнының үйде оқыту жөніндегі анықтамасы.
      Құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарып беріледі.
      4. "Ұйғыр аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Даутова Сахидам Молутқызы аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
      5. Осы қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
      6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады