Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2011.03.14 N 08-57 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына және Ұйғыр аудандық мәслихатының 21 желтоқсан 2009 жылғы "Ұйғыр ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" N 30-1 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылыққа, халықтық қол өнерді дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіби дайындықтан өткендерге де (бұдан әрі әлеуметтік көмек) 150000 теңгеден 200000 теңге мөлшеріне дейін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілу қамтамасыз етілсін.
2. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Турдыбакиев Турсунжан селолық округтердің учаскелік комиссияларына алынатын қаржыны қай мақсатқа пайдаланатын қызметінің түрлері, сондай-ақ есеп шотының нөмірі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер) өтінішінің негізінде және келесі құжаттармен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушының тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:
1) халықтық қол өнерді дамытуға, меншік іс ашу үшін негізделген есеп /бизнес жоспар/, кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесі және үлгерім деңгейі мен бизнес-жоспарының табыстылық бағасы көрсетілген оқу орнының ұсынысы;
2) әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адаммен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы және учаскелік комиссия төрағасының арасындағы үш жақты келісім.
3. "Ұйғыр аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Даутова Сахидам Молутқызы аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі К. Омаров