РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Заңының 6, 31, 37-баптарына сәйкес және селолық округтер әкімдерінің тұрғын үй құрылысына жер телімдерінің берілу кезінде елді-мекен жерлері аумағының жетіспеуі туралы әкімдердің есепті кездесулерінде тұрғындардың айтқан ұсыныстарын ескере отырып, елді мекендердің шекарасын (шегін) белгілеу мен өзгерту үшін аудандық мәслихат ШЕШІМ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Картографиялық материалдарға сәйкес Шарын селосы - 74,8 гектар, Тасқарасу селосы - 36 гектар, Сүмбе селосы - 41,8 гектар, Қырғызсай селосы - 12,7 гектар, Үлкен Ақсу - 25,7 гектар, Долайты селосы - 5,5 гектар, Канал учаскесі - 5,6 гектар,Ават селосы - 88,6 гектар, Тиірмен селосы - 29,9 гектар, Дардамты селосы - 138 гектар, Ардолайты селосы - 29 гектар, Кетпен селосы - 78 гектар, Кіші Дихан селосы - 28 гектар, Қалжат селосы - 80 гектар жер телімдері елді-мекендер категориясының жерлеріне көшіріліп, шекаралары өзгертілсін.
2. Ұйғыр аудандық жер қатынастар бөлімі тіркеу құжаттарына өзгерістер енгізсін.
3. Аудандық мәслихаттың шешімі мен аудан әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шухрат Нурахуновқа және аудандық мәслихаттың "Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, еркі мен бостандығы туралы мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі К. Омаров