2011 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек-жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қазандағы N 3 Шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 09 желтоқсанда № 1762 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Садыбековке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында Жуалы ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Жуалы ауданының және кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1994 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Қырғызбаевқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      5. Осы Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.
      6. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        Б. Қансейітұлы

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Жуалы аудандық ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы полиция полковнигі
М. Қырғызбаев
29 қазан 2010 жыл

«Жамбыл облысының Жуалы ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы подполковник
Ғ. Садыбеков
29 қазан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады