2011 жылы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 19 Шешімі. Тараз қалалық Әділет басқармасында 2011 жылғы 04 ақпанында 6-1-125 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. «Жамбыл облысы Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (С.И. Мельников - келісім бойынша) 2011 жылдың қаңтар – наурыз айларында Тараз қаласында тұратын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
      2. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қаулысында белгіленген тәртіппен азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери дәрігерлік сараптамадан өтуі ұйымдастырылсын.
      3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (К.Досанов - келісім бойынша) өз құзыреттері шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы Шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары С. Мәдиеваға жүктелсін.
      5. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              Б. Орынбеков

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.И.Мельников
27 желтоқсан 2010 жыл

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Тараз қалалық ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесі бастығының м.а.
К.Досанов
27 желтоқсан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады