РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Дихан ауылындағы Киров көшесінің аты соғыс және еңбек ардагері Зарифулла Байдібеков атындағы көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізуші бас маманы А.Оспаналиевке жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі Б. Алсейтов