РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қостөбе ауылдық округі Талас ауылындағы жаңа көше тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасы әкімшілік – аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қостөбе ауылдық округі Талас ауылындағы жаңа көшеге Сұлтан Тұрсынбаевтың есімі қойылсын.
2. Осы шешімнің орындауын қадағалау ауылдық округі Әкімі аппаратының бас маманы Н. Қожабергеновке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостөбе ауылдық
округ әкімі К. Омаров