Мырзатай ауылындағы Новая көшесінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 4 Шешімі. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 наурызда 107 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Мырзатай ауылындағы Новая көшесінің аты еңбек ардагері Есіркеп Сыдыков атындағы көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округінің әкімі аппаратының іс-жүргізуші бас маманы А. Оспаналиевке жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Ауылдық округі Әкімі                       Б. Алсейтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады