Жамбыл ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 маусымдағы N 31-2 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 шілдеде № 121 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 7-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 15.06.2012 № 7-3 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3300387-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабындағы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жамбыл ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережесі бекітілсін.
      2. Жамбыл ауданы елді мекендерінің аумақтарында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі бекітілсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихаты                  Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы:                      мәслихат хатшысы:
      Н.Үкібаев                                  Ә.Мәнтеев

Жамбыл аудандық мәслихатының
2010 жылғы 18 маусымдағы № 31-2
шешімімен бекітілген

Жамбыл ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру  ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жамбыл ауданы елдi мекендерiнiң аумақтарын көріктендіру ережесі (әрі қарай - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және 387-бабына сәйкес әзірленген және Жамбыл ауданының елді мекендерін, аумақтарын көріктендіру тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ереже меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданады.

2. Жамбыл ауданы мекендерінің аумақтарын көріктендіру тәртібі

      3. Аудан аумағындағы әрбір мекеме, ұйым және кәсіпорындарға (келісімдері бойынша) жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген жер аумақтарын жинау және тазалықта ұстау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
      4. Көшелерді, тротуарларды, жасыл желектердің маңын, үй аралық жолдарды, саябақ, гүлбақтарды жинау, тазалықта ұстау және көріктендіру қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте мекемеге жүктеледі.
      5. Аудан көлеміндегі басқа жер учаскелерін (стадиондар, базарлар, ашық автотұрақтар, ауыл шаруашылық жерлері тағы да басқалар) тазалықта ұстау сол жерлерді пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.
      Құрылыс және күрделі немесе ағымдағы жөндеу объектілерінің аумағын жинап, тазалығын сақтауды, осы жұмыстарды жүргізіп жатқан мекеме жүргізеді.
      6. Тұрғын үй, қызмет, өндіріс ғимараттарының иелері мен пайдаланушылары осы ғимараттардың маңдайшаларын, нөмірлік белгілерін, көше көшеттерін ұқыпты ұстаулары тиіс.
      7. Тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындарын ашу белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және басқа да тиісті органдармен келісуі тиіс.
      8. Хабарламалар, жарнамалар, құлақтандырулар осы мақсатқа белгіленген жерлерге ғана жапсырылуы тиіс.
      9. Ғимараттардың, офистердің кіре берісіне, сауда орындарының, дүкендердің, павильиондардың алдына, саябақ пен гүлбақтарға, жаға-жайларға қоқыс салатын сауыттары орнатылады және олар қоқыстан уақытылы тазартылып тұруы тиіс.
      10. Елді мекендердің аумақтарын көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстау мақсатында мыналарға жол берілмейді:
      көшелерге, су көздеріне, жасыл желектің маңына және басқа көпшілік орындарға қоқысты, басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға;
      жол бойында, тротуарларда су жүйесі құбырлары мен канализациялық құбырлар жүргізілген люктерді, құдықтарды қоршалмаған жағдайда ашық қалдыруға;
      арық жүйелерін бұзу, қазылған жерлерді реттеп тегістемей, қалдырып кетуге.

3. Қорытынды ережелер

      11. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

Жамбыл аудандық мәслихатының
2010 жылғы 18 маусымдағы
№ 31-2 шешімімен бекітілген

Жамбыл ауданы елді мекендерінің аумақтарында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жамбыл ауданы аумағын жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ережесі (әрі қарай - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және 300-бабына сәйкес әзірленген және Жамбыл ауданының елді мекендерінде жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ереже меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданады.

2. Жамбыл ауданы бойынша жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібі

      3. Аудан аумағындағы әрбір мекеме, ұйым және кәсіпорындарға (келісімдері бойынша) жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
      4. Жасыл желектерді ағымдағы күтіп ұстауы, сақталынуы мен жаңартуы аумақ тиесілі заңды және жеке тұлғаларға, иелеріне және жер пайдаланушыларға жүктелінеді:
      1) тұрғын үйлер алдындағы құрылыстардан бастап жаяу жол сызығына дейін көшелерде, пәтер иелері, кооперативтері, тұрғын қорының иелері;
      2) жалпы пайдалану объектілерінде (саябақтар, тынымбақтар, саяжолдар және тағы басқалары) және жаяу жол сызығына дейін көше бойынша аудандық бюджет есебінен шарттық негізде жұмысты орындайтын кәсіпорындар;
      5. Құрылыстың аясына түсіп жатқан жасыл желектерді алып тастау және қайта салу, жер астындағы коммуникацияларды және инженерлік жүйелерді жіберу жасыл желектерді жаруына немесе жер астынан алуына рұқсат болған кезде ғана жол беріледі.
      6. Жұмыс жүргізген кезде қажет:
      1) жасыл желектерді бұзушылықтан қоршау;
      2) жасыл желектерге күтім көрсету, соның ішінде:
      қоқыстарды, құрғақ жапырақтарды жинау;
      арамшөптерді жұлу, көгалдарды шабу, бұталарды қию;
      жасыл желектерге, көгалдарға, гүлзарларға су құю;
      ағаштардың жапырағын, құрғақ, сынған бұтақтарын кесу;
      жасыл қордағы ағаштардың және бұтақтарды жөндеу, отырғызу;
      жүйелі ауыл шарушылық зиян келтірушілермен және ауырулармен, карантиндік арамшөптермен өз күшімен немесе өсімдіктерді қорғау станцияларымен шарт бойынша күрес жүргізу.
      7. Жасыл желектер аумағында мыналарға жол берілмейді:
      1) құрылыс материалдарын, топырақты, ағашты, көмірді және басқа да заттарды жинауға;
      2) көгалдарды, гүлзарларды, шұңқырлады қоқыспен толтыруға;
      3) көгалдар үстінде жүру, ағаштарды, бұтақтарды, сындыру мен кесу, басқа да механикалық бұзушылықтарды келтіруге;
      4) ағаштарды және бұтақтарды кесуге;
      5) қоршамдарды құруға, гүлдерді жұлуға, көп жылдық гүлдердің түйнектерін және бадандарын қазуға;
      6) көгалдарға және гүлзарларға автокөлікті қоюға;
      7) жапырақтарды жағуға, көгалдарда көкөністерді өсіруге, ағаштарға сымдарды, әткеншектерді, жіптерді, жарнамаларды, және кестелерді орналастыруға, бау-бақша, саябақ құралдарын бұзуға;
      8) көгалдар мен гүлзарларда цемент, бетон дайындауға;
      9) тұрғын құрылыс аумағында, саябақтарда, саяжолдарда жапырақтарды жағуға.

3. Қорытынды ережелер

      8. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады