РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қапал ауылы Бурыл көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
1. Жамбыл селолық округіне қарасты Қапал ауылындағы Бурыл көшесінің аты Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Қайназаров Уәлихан Рахымұлы атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл селолық округінің әкімі Б.Садырбаев