РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
1. «Бектөбе ауылындағы Жаңа-3 көшесінің атауын өзгерту туралы» Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 қазандағы № 17 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-3-102 болып тіркелген, аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде 2009 жылдың 07 қарашасында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешімнің:
Кіріспе бөлігінде “Жаңа-2” деген сөздер “Жаңа-3” сөздерімен ауыстырылсын;
1 тармағындағы “еңбек ардагері” деген сөздер “қазақтың тұңғыш милиция генерал-майоры” деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Б. Мұратбаев