Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 13.02.2019 №39-5 шешімімен. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабындағы 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және 387-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Жуалы ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ш. Искаков |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Е. Аманбеков |
Жуалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 30-20 шешімімен бекітілген |
Жуалы ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жуалы ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесі (ары қарай - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және 387-бабына сәйкес әзірленген және Жуалы ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру тәртібін белгілейді.
2. Осы Ереже меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Жуалы ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру тәртібі
3. Аудан аумағындағы әрбір мекеме, ұйым және кәсіпорындарға (келісімдері бойынша) жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген жер аумақтарын жинау және тазалықта ұстау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
4. Көшелерді, тротуарларды, жасыл желектердің маңын, үй аралық жолдарды, саябақ, гүлбақтарды жинау, тазалықта ұстау және көріктендіру қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте мекемеге жүктеледі.
5. Аудан көлеміндегі басқа жер учаскелерін ( стадиондар, базарлар, ашық автотұрақтар, ауыл шаруашылық жерлері тағы басқалар) тазалықта ұстау сол жерлерді пайдалану құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.
Құрылыс және күрделі немесе ағымдағы жөндеу объектілерінің аумағын жинап, тазалығын сақтауды, осы жұмыстарды жүргізіп жатқан құрылыс мекемесі жүргізеді.
6. Тұрғын үй, қызмет, өндіріс ғимараттарының иелері мен пайдаланушылары осы ғимараттардың маңдайшаларын, нөмірлік белгілерін, көше көшеттерін ұқыпты ұстаулары тиіс.
7. Тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындарын ашу белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және басқа да тиісті органдармен келісілуі тиіс.
8. Хабарламалар, жарнамалар, құлақтандырулар осы мақсатқа белгіленген жерлерге ғана жапсырылуы тиіс.
9. Ғимараттардың, офистердің кіре берісіне, сауда орындарының, дүкендердің, павильиондардың алдына, саябақ пен гүлбақтарға, жаға-жайларға қоқыс салатын сауыттары орнатылады және олар қоқыстан уақытылы тазартылып тұруы тиіс.
10. Елді мекендердің аумақтарын көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстау мақсатында жол берілмейді:
көшелерге, су көздеріне, жасыл желектің маңына және де басқа көпшілік орындарға қоқысты, басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға;
жол бойында, тротуарларда су жүйесі құбырлары мен канализациялық құбырлар жүргізілген люктерді, құдықтарды қоршалмаған жағдайда ашық қалдыруға;
арық жүйелерін бұзу, қазылған жерлерді реттеп тегістемей, қалдырып кетуге.
3. Қорытынды ережелер
11. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.