Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 ақпандағы № 39-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 4111 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет – ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік - экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы К. Айтқұлова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Тлеубеков

  Жуалы аудандық мәслихатының
2019 жылғы 13 ақпандағы
№ 39-5 шешіміне қосымша

Жуалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Үшінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 158 Жуалы ауданының елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау, инфрақұрылым обьектілерін бұзылудан сақтау Ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы № 163 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-4-19 болып тіркелген, 2005 жылғы 17 қарашадағы "Жаңа өмір"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған);

      2. "Жуалы ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесін бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 30-20 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-4-93 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы "Жаңа өмір"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған);

      3. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 қазандағы № 36-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 46-4 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2790 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазанда "Жаңа өмір"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады