Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 маусымдағы N 35-5 Шешімі. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 шілдеде 82 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 5-8 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 5-8 шешімімен

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3300387-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабындағы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережесі бекітілсін.
      2. Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі бекітілсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      Б.Жексембиев                               Т.Олжабай

Меркі аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 18 маусымдағы
№ 35-5 шешімімен
Бекітілген

Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Меркі ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесі (әрі қарай - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және 387-бабына сәйкес әзірлеген және Меркі ауданының елді мекендерін, аумақтарын көріктендіру тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ереже меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданады.

2. Меркі ауданы мекендерінің аумақтарын көріктендіру тәртібі

      3. Аудан аумағындағы әрбір мекеме, ұйым және кәсіпорындарға (келісімдері бойынша) жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген жер аумақтарын жинау және тазалықта ұстау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
      4. Көшелерді, тротуарларды, жасыл желектердің маңын, үй аралық жолдарды, саябақ, гүлбақтарды жинау, тазалықта ұстау және көріктендіру қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте мекемеге жүктеледі.
      5. Аудан көлеміндегі басқа жер учаскелерін (стадиондар, базарлар, ашық автотұрақтар, ауыл шаруашылық жерлері тағы да басқалар) тазалықта ұстау сол жерлерді пайдалану құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.
      Құрылыс және күрделі немесе ағымдағы жөндеу объектілерінің аумағын жинап, тазалығын сақтауды, осы жұмыстарды жүргізіп жатқан мекеме жүргізеді.
      6. Тұрғын үй, қызмет, өндіріс ғимараттарының иелері мен пайдаланушылары осы ғимараттардың маңдайшаларын, нөмірлік белгілерін, көше көшеттерін ұқыпты ұстаулары тиіс.
      7. Тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындарын ашу белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және басқа да тиісті органдармен келісілуі тиіс.
      8. Хабарламалар, жарнамалар, құлақтандырулар осы мақсатқа белгіленген жерлерге ғана жапсырылуы тиіс.
      9. Ғимараттардың, офистердің кіре берісіне, сауда орындарының, дүкендердің, павильиондардың алдына, саябақ пен гүлбақтарға, жаға-жайларға қоқыс салатын сауыттары орнатылады және олар қоқыстан уақытылы тазартылып тұруы тиіс.
      10. Елді мекендердің аумақтарын көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстау мақсатында мыналарға жол берілмейді:
      көшелерге, су көздеріне, жасыл желектің маңына және басқа көпшілік
      орындарға қоқысты, басқа да өңдірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға;
      жол бойында, тротуарларда су жүйесі құбырлары мен канализациялық құбырлар жүргізілген люктерді, құдықтарды қоршалмаған жағдайда ашық қалдыруға;
      арық жүйелерін бұзу, қазылған жерлерді реттеп тегістемей, қалдырып кетуге.

3. Қорытынды ережелер

      11. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады