Ақтоған ауылдық округі Қазақ-Дихан ауылындағы Ленин көшесінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі N 1-03/6 Шешімі. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 мамырда № 79 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ақтоған ауылдық округі Қазақ-Дихан ауылындағы Ленин көшесінің тұрғындарының пікірін ескеріп және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақтоған ауылдық округі, Қазақ-Дихан ауылындағы Ленин көшесінің аты Әріпбай Ниязбеков атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Ақтоған ауылдық округі әкімі                Б. Жамбырбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады