Біржолғы талондардың құны туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 қарашадағы N 29-9 Шешімі. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 желтоқсанда 111 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 21.12.2012 № 9-17 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6 тармағына сәйкес аудандық салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Т.Рысқұлов ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін және базар аумағындағы дүңгіршектердегі стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. «Бір жолғы талондар құнының ставкаларын белгілеу туралы» 2006 жылғы 23 маусымдағы № 25-12 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-8-24 болып тіркелген, 2006 жылғы 5 тамыздағы № 58 (6178) «Құлан таңы» газетінде жарияланған) Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Шешім аудандық Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық
      сессиясының төрағасы                       мәслихат хатшысы
      С.Өскенбаев                                П. Сүлейменов

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының
2010 жылғы 15 қарашадағы
№ 29-9 шешіміне қосымша

      Т.Рысқұлов ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін және базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны.

Рет №

Сату түрлері

Бір жолғы талондардың құны (теңге)

1.

Халық тұтыну тауарлары:


1)

Заттар (киім, аяқ киім және басқалар)

150

2)

Мол ассортименттегі заттар (киім, аяқ киім, кілемдер, паластар, маталар)

150

3)

Косметика және парфюмерия

135

4)

Кеңсе және шаруашылық-тұрмыстық тауарлары (ыдыстар, тұрмыстық бұйымдар), жуғыш заттар

150

5)

Құрылыс материалдары

150

6)

Балалар ойыншықтары

135

7)

Теледидарлар, бейне және дыбысмогнитафондар, электротехника

150

8)

Бұрын қолданыста болған тауарлар (қосалқы бөлшектер, заттар, ыдыстар)

75

9)

Қосалқы бөлшектер

150

10)

өсімдік тұқымдары, көкөніс және ағаш көшеттері

75

11)

Гүлдер (табиғи, жасанды)

75

12)

Әр түрлі ұсақ тауарлар (темекі, насыбай, әк тас, шемішке және басқалар), газет пен журналдар, дыбыс, бейне таспалар, дискілер

135

2.

Тамақ өнімдері:


1)

Сүт, қаймақ, айран, қатық, сүзбе, ірімшік, жұмыртқа

35

2)

Ет және ет өнімдері

100

3)

Балық, балық өнімдері

85

4)

Өсімдік майлары

125

5)

Азық-түлік тауарлары (макарон өнімдері, нан-бөлке өнімдері, кондитер өнімдері) бал

100

6)

Мол ассортименттегі азық-түлік тауарлары, (макарон өнімдері, кәмпиттер, печенье, нан-бөлке өнімдері, кондитер өнімдері) бал

100

7)

Салқындатылған сусындар, газдалған су, квас, балмұздақ

85

8)

Кәуап, гриль, гамбургерлер, пирожкилер, самсалар, бәліштер, пицалар, ход-догтар, мәнті, таба нандар, попкорн

110

9)

Ұн, қант

100

10)

Салаттар

85

3.

Көкөніс, жеміс және бақша өнімдер:


1)

Сөрелерден

90

2)

Жеңіл автокөліктен

90

3)

3 тоннадан жоғары автокөлігінен

90

4.

Басқа тауарлар:


1)

Шөп, сексеуіл, көмір

105

2)

Малазықтық жем

105

5.

Тірі мал (әр бастан):


1)

Ірі қара, жылқы

75

2)

Ірі қара және жылқы төлдері

35

3)

Қой, ешкі

35

4)

Қой және ешкі төлдері

35

5)

Шошқалар

35

6)

Торайлар

35

7)

Құстар, аңдар (сауда орнынан)

20

5.

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі


1)

Жеке тракторлармен қызмет көрсету

500

6.

Үй жануарлары мен құстарын бағу


1)

Бақташылардың ірі қара бағу үшін (50 бастан жоғары)

95

2)

Бақташылардың ірі қара бағу үшін

50

3)

Бақташылардың қой-ешкі бағу үшін

50

7.

Басқа да қызметтер:


1)

Кілттер дайындау, пышақ қайрау, аяқ киім жөндеу, сағат жөндеу, әйнек кесу, тері және жүн қабылдау

60

2)

Қол арбамен жүк тасу бойынша қызмет көрсету

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады