РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Каменка селосындағы Новая көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты Каменка селосындағы Новая көшесінің аты Болысбек-ата атындағы көше болып өзгертілсін.
2.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Ауыл әкімі О. Ибраев