Нысаналы топтарға қосымша адамдарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 ақпандағы N 37 қаулысы. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда 89 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қазандағы №197 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 18.10.2023 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Нысаналы топтарға жататын адамдарға қосымша жұмыс істемейтін адамдар белгіленсін.

      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Боранбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Б. Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады